АймақБұқар жырау

Коалиция мүшесі серіктестік ұжымымен кездесті

Бұқар жырау ауданында құрылған коалицияның мүшесі Шахвели Курбанов Нұра станциясындағы “Ақ Нұра АҚК” ЖШС ұжымымен кездесіп, еліміз Конституциясының жаңа жобасымен таныстырды.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Кездесу барысында Ата заңымызға осы жолы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар кеңінен сөз болып, мемлекетіміз бен қоғам дамуында оның алатын орны мен маңызы жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ демократиялық институттардың дамуы, мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру және қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге де ерекше назар аударылды.

Аталған серіктестік мүшелері Конституциямыздың жаңа жобасын талқылауға белсене қатысып, елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларға қолдау білдірді.

Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button