Ресми
Коалиция мүшелері «Ten Qogam» орталығының ұжымымен кездесу өткізді
Қарағанды қалалық «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» коалициясының мүшелері Марат Түсіпов және Нияз Сундиталиев, сондай-ақ «AMANAT» партиясының Қарағанды қалалық филиалының төрайымы Юлия Бадина қатысуымен Қарағанды қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік бейімдеу «Ten Qogam» орталығының ұжымы және келушілерімен кездесу өткізді.

Ашық диалог барысында Конституциясы жобасының негізгі ережелері, сондай-ақ алдағы конституциялық реформаның мақсаттары мен міндеттері түсіндірілді. Азаматтардың құқықтарына қатысты өзгерістер, қоғамдық бақылау тетіктері және әлеуметтік әділеттілік қағидаттары талқыланды.
Жаңа Конституция құқықтық тәртіп, тұрақты даму және әрбір азаматтың мүддесі ескерілетін заманауи, әділетті мемлекетті қалыптастырудың берік негізі екені айтылды.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



