Коалиция мүшелері Саран қаласындағы №2 жалпы білім беретін мектеп ұстаздарымен кездесті
Коалиция мүшелері Саран қаласындағы №2 жалпы білім беретін мектеп ұстаздар қауымы және қызметкерлерімен мазмұнды кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – білім саласында еңбек етіп жүрген мамандармен ашық пікір алмасу, әлеуметтік салада жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат беру және педагогтердің ұсыныс-пікірлерін тыңдау.

Кездесу барысында әлеуметтік саладағы атқарылып жатқан жұмыстар кеңінен талқыланып, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған бастамалар мен бағдарламалар жөнінде ақпарат берілді. Сонымен қатар білім беру жүйесін дамыту, мұғалімдердің еңбек жағдайын жақсарту, әлеуметтік қолдау шаралары және жастар тәрбиесіне қатысты маңызды мәселелер қозғалды.
Ұстаздар қауымы өз тараптарынан білім беру саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп, күнделікті қызмет барысында кездесетін өзекті мәселелер мен ұсыныстарын ортаға салды. Кездесу ашық әрі еркін форматта өтіп, қатысушылардың пікірлері мен ойлары тыңдалып, бірқатар маңызды сұрақтарға жауаптар берілді.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz


