Коалиция мүшелері аудан аграршыларымен кездесті
Бұқар жырау ауданында Қазақстан Республикасының жаңа жобасы мен референдум өткізу жөнінде құрылған коалицияның мүшелері–Бұқар жырау аудандық мәслихатының төрағасы Асхат Әли мен аудандық мәслихаттың депутаты Ақлима Дәкірова аудан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесті.

Кездесу барысында олар еліміздің Негізгі заңына ұсынылып отырған өзгерістердің негізгі бағыттары, олардың мемлекетті одан әрі дамытудағы, демократиялық қағидаттарды нығайтудағы және азаматтардың маңызды шешімдер қабылдаудағы рөлін арттырудың маңызын түсіндірді.

Сонымен қатар меншік құқығын қорғау, жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту және ауылдық аумақтарды қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жүздесуге жиналғандар өздерін толғандырған сұрақтарға толымды жауап алып, олар референдумға қатысу арқылы белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырылды.
Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы



