Жаңалықтар

«Кітаппен кемел болашаққа» кітап фестивалі өтеді

Ұлттық кітап күніне және ұлы Абайдың 180 жылдығына орай  “Кітаппен кемел болашаққа” атты фестиваль өтеді.

Сурет: ұйымдастырушылардан

23 сәуір, сағат 11.00-де Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтеді деп жоспарланған шараға өңірімізге белгілі зиялы қауым өкілдері қатыспақ.

Бағдарламада  «Абайдың ұлы мұрасы» әдеби алаңы, «Оқы. Бөліс. Шабыттан!» шығармашыл жастар алаңы, «Есте сақтаймыз! Оқимыз!» поэтикалық марафон, «Қылқалам ұшында – туған жер көрінісі»,  Guest Reader Photobook: «Фотоға түс – пікір жаз – фотосурет тегін ал!», «Қазақстан Жазушылары жастардың проблемалары туралы» әдеби дайджест, «Кітап оқы да, трендте бол!» – қызықты библио-лото, «2024 жылдың үздік оқырмандары» – оқырман бенефисі, «Кітап – ұлттық құндылық» фото аймағы сынды қызықты шаралар қамтылған.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button