АймақБұқар жырау

Кітапханашылар библиодесанты

Ғабиден Мұстафин кенті көпшілік кітапхана қызметкерлері Муталяпова Г. У., Никишина Л. И. «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында  «Ел болып оқимыз: «Жыл таңдауын бірге оқиық» деген тақырыпта библиодесант жұмысымен кентіміздің бірқатар мекемелері мен дүкендеріне барды. Сонымен қатар көшеде кездескен жастарды да құлаққағыс ете кетті. 

Суреттер ұйымдастырушылардан

Алдымен «Бір – ел бір кітап» акциясының тарихына тоқталып өтіп, жыл сайынғы дәстүр бойынша «Бір ел–бір кітап» республикалық акциясының ұйымдастыру комитеті  кезекті жыл кітабын таңдау нәтижесі бойынша 2025 жылы қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік жазушының бірі – ақын, әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұлов пен Қазақстан Республикасының әнұранының авторы, “ Қазақстан Жастар одағы” сыйлығының иегері, көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденовтың шығармаларын оқуға ұсынылғаны туралы айтып құлаққағыс етіп, таңдалған шығармаларды бірге оқуға оқырмандарды шақыру барысында  жасалған жаднамалар, бетбелгілер таратылды. Кітапхана библиографы “Бір ел-бір кітап” республикалық акциясы бойынша электрондық кітаптарды оқуды ұнататындар үшін GR-код жасалғаны туралы  және сонымен қатар кітаптарды kitap.kz мобильді қосымшадан оқуға болатынын да айта кетті.

Ержан ИМАШ,

Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button