АймақБұқар жырау

«Кітапханадағы түнгі саяхат»

Осындай тақырыпта Ұлттық кітап күніне орай Ғабиден Мұстафин кентінің көпшілік кітапханасында мерекелік кеш өтті.

Кітап әлеміне саяхат 4 алаңнан тұрды. Бірінші «Ұлттың Ұлы жазушылары» алаңында биылғы мерейтой иелері Сәбит Мұқанов, Ғаббас Қабышев, Адам Мекебаев, Жайсаңбек Молдағалиев сынды жазушылардың өмірбаяндары мен шығармаларына қысқаша шолу жасалынып, жиналғандар арасында флешбек ойны ойнатылды. Мұнда авторлары жасырын тұрған кітаптарды сөреде фотосы мен аты жазылған жазушының тұсына дұрыс қою керек болды.

Ал екінші «Қозы-Көрпеш – Баяндай..!» алаңында Ғашықтар күнінің маңызы айтылып, ғашықтық жырлар толғанды. Оқырмандар Ұлы Абайдың, Мағжан Жұмабаев, Мұқағали Мақатаев, Қадыр Мырзалиев, Фариза Оңғарсынованың махаббат тақырыбындағы өлеңдерін оқыды.

Келесі «Ұлт мақтаныштары – кітапта» алаңы-библиокафеде кешке қатысушылар өздеріне ұнаған тағамдарға тапсырыстар берді. Мәселен, «Ұлттық тағам – ұлт мақтанышы» тапсырысы бойынша ұлттық тағамдарға байланысты жұмбақтар шешілді.

Ең соңғы «Кітап – біздің досымыз» алаңы кітап оқуды насихаттап,оны әркімнің күнделікті әдетіне айналдыруды  көздеді.

Өте тартымды,мазмұнды өткен кештің аяғында  кітапхана меңгерушісі Гаухар Сүлейменова осы шараға белсене қатысқан оқырмандарға естелік сыйлықтар табыс етсе,олар да осы кешті ұйымдастырған кітапхана қызметкерлеріне, жүргізушілер Л.Никишина, Г.Мутоляпова, Е.Ардаханға алғыстарын білдірді.

Ержан ИМАШ,

Бұқар жырау ауданы

Суреттер ұйымдастырушылардан

Басқа материалдар

Back to top button