АймақБұқар жырау

Кітапханада өткен портреттік сағат

Ғабиден Мұстафин кентінің көпшілік кітапханасында “Артында өшпес із қалдырған” тақырыбында портреттік сағат өтіп, ол биыл туғанына 90 жыл толған жазушы Медеу Сәрсекеев пен абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдық мерейтойларына арналды.

Суреттер ұйымдастырушылардан

   Портреттік сағатта кітапхана қызметкерлері оқырмандарды  осы екі тұлғаның өмірбаяны мен шығармашылық жолдарымен таныстырып, олардың халқымыздың біртуар ұлдары Ұлы Абай мен атақты ғалымдар Қаныш Сәтбаев, Ермұқан Бекмаханов пен Евней Бөкетовті танытудағы еңбектеріне тоқталып,  соған орай ұйымдастырылған көрмеге шолу жасады.

   Шара барысында кітапхана оқырмандары Ж. Қаржаспекова мен А. Аймұхамедова олардың шығармаларының жас ұрпаққа берер тәрбиесінің мол екендігі мен тарихымызды таудағы еңбектерін айрықша атап өтті.

Ержан ИМАШ,

Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button