Білім

Кітапхана – құндылық мекені

Кітапхана – мектеп оқушылары және ұстаздар ортасындағы рухани көпір. «Кітап – оқығандікі, білім –тоқығандікі» дегендей, мектеп кітапханасының атқарар қызметі үлкен. Мектеп кітапханасындағы кітаптар әр оқырманның жанына бір тыныштық сыйлағандай болады. Осы бағытта мектеп кітапханашыларының алатын орны зор.

Мектеп кітапханасы – оқыр­мандарды әртүрлі сайысқа, шығармашылық жұмыстармен шұғылдануға, бос уақытта әдеби кітаптар оқуға көп ықпалын тигізеді. Мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Гульжанат Жолдыбекова – еңбекқор адам, өз мамандығының мақтанышы. Әрқашан оқырмандармен сырласып, сұхбат құрады. Оқырмандардың жас ерекшелігін ескеріп, қандай бағытта, қандай кітап таңдап оқуға кеңес береді. Оқырманмен кездесу барысында сұрақтар қою арқылы қызығушылығын анықтап кітаптар ұсынады. Қазіргі таңда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы, аясында «Балалар кітапханасы» жобасы өз жұмысын өте жоғары дәрежеде көрсетіп жүр. Жобаның мақсаты – оқушылардың бар зейінін кітапқа аудару. Осы бағытта оқушылар арасында дәстүрлі мектепішілік «Абай оқулары», «Мұқағали оқулары», «Қасым оқулары» түрлі сайыстар өткізіліп тұрады.
Мектеп кітапханасында «Менің Отаным – Қазақстан», «Қарағанды – құтты өлке», «Ұлы дала тарихы», «Алаш арыстары», «Тәуелсіздік тұғыры», «Бәрін білгім келеді…» сияқты үнемі кітап көрмелері әдемі қойылған. Гульжанат Аманқызы өз оқырмандарына кітаптарды қалай оқу керектігін, оларды қалай ұқыптап ұстау, білімнің бәрі жан-жақты ізденуден келетінін айтудан жалыққан емес.
Адам өмірінде рухани құндылықтарды насихаттайтын орын – мектеп кітапханасы. Еліміздің ертеңі жарқын болу үшін жастарды кітап оқуға баулыған Гүлжанат Аманқызына алғыс білдіремін.

Замзагүл СЛАНБЕКОВА,

Ж.Ақбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button