АймақБас тақырыпҚарағанды

«Кітап оқитын ұлт» жобасы жалғасуда

Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» ауқымды жобасы басталған болатын. Жобаға мектеп оқушылары, студенттер, педагогтар, отбасылық әулеттер және мемлекеттік қызметшілер қатысады. Алты ай ішінде қатысушылар 15 кітап оқуы тиіс. Ең үздіктері ақшалай сыйлықтарға, сертификаттарға және медальдарға ие болады. 

Сурет ұйымдастырушылардан

Байқау алты бағыт бойынша өткізіледі: 

  • Кітап оқитын мектеп;
  • Кітап оқитын колледж;
  • Кітап оқитын университет;
  • Кітап оқитын педагог;
  • Кітап оқитын әулет;
  • Кітап оқитын мемлекеттік қызметкер.

Байқау 2025 жылдың қыркүйегінен 2026 жылдың наурызына дейін жалғасады. Әрбір бағыттағы жеңімпаздар төмендегідей жүлделерге ие болады: 

1-орын: 1 000 000 теңге 
2-орын: 600 000 теңге 
3-орын: 400 000 тенге

Әрбір бағыт үшін сарапшылар мен тиісті сала өкілдерінің ұсыныстары бойынша әр бағытқа сәйкес 15 кітаптан тұратын тізім бар. Жалпы тізімге «100 кітап» Жалпыұлттық сауалнама нәтижесінде таңдалған шығармалар енген болатын. Байқау «Кітап оқитын ұлт» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, «Alageum Electric» және «RGB» компанияларының қаржылай қолдауымен жүзеге асуда.

Ұйымдастырушылар облыс тұрғындарын «Кітап оқитын ұлт» жобасына қатысуға шақырады. 

Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button