Жаңалықтар

Әкімшілік құқық бұзушылықтарға қарсы жүйелі жұмыс жалғасады

Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті өз құзыреті шеңберінде бюджет қаражатын пайдалану, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың, бухгалтерлік есептің сақталуы және өзге де мәселелер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

Сурет qarmaqshy-tany.kz

Әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілері бар фактілер анықталған жағдайда материалдар уәкілетті органдарға жіберіледі немесе Департамент Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды.

Көбінесе келесі баптар қолданылады:

– 207-бап (Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу);

– 238-бап (Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнаманы бұзу);

– 462-бап (Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптарын бұзу).

Әкімшілік ықпал ету шаралары тек заңды тұлғаларға ғана емес, сонымен қатар өз қызметтік міндеттерін тиісті түрде орындамаған лауазымды адамдарға да қолданылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Департамент келесі шараларды ұсынып отыр:

– ведомстволық бағынысты ұйымдарда ішкі бақылау жұмысын күшейту;

– жауапты мамандарды жүйелі түрде оқыту және нұсқама жүргізу;

– барлық сатып алу рәсімдерін тиісті деңгейде жоспарлау және құқықтық сараптамадан өткізу;

 – қаржылық тәртіпті бақылау бойынша ішкі регламенттерді енгізу.

Сонымен қатар, алдын алу жұмыстарына – заңнамадағы жаңа нормаларды уақтылы түсіндіруге, ұйымдарға қолданыстағы өкілеттіктер аясында кеңес беруге ерекше назар аудару қажет.

Әкімшілік құқық бұзушылықтарды уақтылы талдау бюджет қаражатын басқару жүйесіндегі осал тұстарды анықтауға ғана емес, сонымен қатар олардың алдын алу тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті заңдылық, ашықтық және мемлекеттік ресурстарды тиімді пайдалану қағидаттарын қамтамасыз ету бойынша жұмысын жалғастыратын болады.

Басқа материалдар

Back to top button