Бас тақырып

Үкіметтік емес ұйымдар – қоғам дамуының кепілі

Бүгін Қарағандыда Дүниежүзлік үкіметтік емес ұйымдары күніне орай салтанатты жиын өтті. Оған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов арнайы қатысып, билік пен халықтың арасында алтын көпір болып жүрген азаматтарды құттықтады.

Суреттерді түсірген Ерік Нарын

Сонымен қатар, жиынға азаматтық сектор, мемлекеттік органдардың өкілдері де қатысты. Аталмыш шара үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсету, тәжірибе алмасу, азаматтық сектор мен мемлекеттік органдар арасында серіктестікті күшейту мақсатында ұйымдастырылған.

– Әр үкіметтік ұйым өз саласы бойынша қоғамда үлкен жұмыс атқаруда. Қарапайым мысал, бірнеше облыстық басқармалар, қала мен аудан әкімшіліктері мемлекеттік тапсырыс арқылы үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс істеп жатыр. Мемлекеттік қызметшілерді қысқарту жұмыстары жүріп жатыр ғой. Солардың жұмыстарын осы үкіметтік емес ұйымдарға беруіміз қажет. Себебі, олар қоғамның қақ ортасында жүр. Халықтың күллі мәселесін біледі. Солар арқылы біз тапсырыс беріп, бірлесе мәселені шешуіміз қажет. Ал, жалпы бұл мереке әлемдегі барлық үкіметтік емес ұйымдарды белгілі бір халықаралық рәміздің астына біріктіретін ҮЕҰ қоғамдастықтың игілігі үшін қосқан үлесі үшін қоғамның алғысы мен ризашылығын растайды, – деді Нұрлан Рахметуллаұлы.

Мақаланың толық нұсқасын газеттің бейсенбілік нөмірінен оқи аласыздар.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button