Бас тақырыпЖаңалықтар
Үкіметтік емес ұйымдар «Nur Otan» партиясының шешіміне қолдау білдірді
Қарағанды облысы үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері «Nur Otan» партиясының президенттік сайлауға кандидат ұсыну туралы шешімін қолдады. ҮЕҰ өкілдері өз пікірлерін 26 сәуірде өткен жиында білдірді.
- Мен, үкіметтік емес ұйымның басшысы ретінде Тәуелсіздік жылдары Ұлт Көшбасшысының ерен еңбегінің арқасында көптеген жұмыстар атқарылды деп есептеймін. Бірақ, бізге әлі де көп еңбек ету керек. Ол үшін бізге жақсы дипломат, саясаткер ретінде танымал заңды Президент қажет және ол Елбасы таңдаған даму бағытын жалғастыра алатындай үміткер болуы тиіс. Менің ойымша, «Nur Otan» партиясы ұсынған Президенттікке үміткер осы талаптарға толық сәйкес келеді және оған жүктелген үміттерді ақтай алады, – деді «Қазақстан азаматтары» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дмитрий Полтаренко.
Оның пікірін «Озарение» қоғамдық қорының президенті Татьяна Савицкая да құптады. Ол сондай-ақ, кезектен тыс сайлау азаматтарға еліміздің демократиялық саяси келбетін қалыптастыруға тікелей қатысуға мүмкіндік беретін дер кезінде және қажетті қадам екенін атап өтті.
Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюроның Қарағанды филиалының өкілі Юрий Гусаков жиналғандарды облыста бақылаушылардың жеткілікті екендігіне сендірді.
Жиынға Қарағанды облысындағы 23 үкіметтік емес ұйымның өкілдері қатысты.