Бас тақырыпРесми

Үкімет басшысы су тасқынымен күресте Қарағанды облысын үлгі етті

Ақтөбе облысында Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен селекторлік режимде өңірлік штаб басшыларының қатысуымен Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқынының салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті.

Суреттер ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Елімізде су тасқынына байланысты күрделі ахуал қалыптасып отыр. Су тасқыны жағдайы тұрақталғанша өңірлерге жіберілген вице-премьерлердің су тасқынына байланысты қазіргі ахуал туралы баяндамалары тыңдалды. Бүгінгі таңда 10 облыста: Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Абай және Ұлытау облыстарында ТЖ режимі сақталып отыр. 

Отырыста Қазақстанда су тасқынына қарсы шаралар алдын ала қабылданған өңірлер бар екендігі атап өтілді. Олардың арасында Қарағанды облысы да бар.

Мәселен, өңірде қардың едәуір көлеміне қарамастан, елді мекендерді су басу аз, деп атап өтті Үкімет басшысы.

Бұл жағдайға 6-7 жыл бұрын ауылдардың айналасында бөгеттер салынып, бұру арналары қазылғандығының пайдасы тиген. Бұл қарапайым және қол жетімді шешімдер тиімді екендігінің дәлелі. Отырыста әр елді мекен Қарағанды облысының үлгісіне сүйене отырып, ағымдағы жылдың күзіне дейін жойқын су тасқынын болдырмау үшін қажетті шараларды қабылдау керектігі тапсырылды. Әкімдердің есептері Үкімет отырыстарында үнемі көпшілік алдында тыңдалатын болады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button