Жаңалықтар

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов өз таңдауын жасады

Үкімет басшысы Астанадағы ҚР Ұлттық кітапханасының ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде өз дауысын берді.


Премьер-Министр республиканың барлық азаматын сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауға шақырды.

«Осы күн мемлекетіміздің алдағы жеті жылдағы даму бағытын айқындайды. Біз азаматтық белсенділік танытып, Мемлекет басшысы лауазымына өз кандидатымызға дауыс беруіміз керек. Өз басым әділ және қуатты Қазақстан үшін, әрбір отбасының әл-ауқаты жоғары болуы үшін дауыс бердім», – деді Әлихан Смайылов.

Басқа материалдар

Back to top button