АймақБас тақырыпҚарағанды

Үкімет басшысы Қарағандыдағы патрон зауытын аралады

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында, «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағын аралап, «Steel Manufacturing» патрон зауытының жұмысымен танысты.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Биыл винтовка патрондары желісін іске қосу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр, сондай-ақ түрлі калибрдегі патрондардың сериялық өндірісі іске қосылады деп күтілуде.


Қазақстандық патрон зауыты – қорғаныс-өнеркәсіп кешеніндегі жоғары технологиялық бірден-бір кәсіпорын. Мұнда қауіпсіздік мәселесіне және өндірісті автоматтандыруға басымдық берілген, өндірістік процестің барлығы адамның қатысуынсыз, автоматты түрде жүзеге асырылады. Бұған дейін Қазақстанда оқ-дәрі өндірісі болмаған, ал елдің қажеттіліктері бұрынғы қорлардың есебінен жабылып келді немесе шетелден сатып алынды.

Премьер-Министр зауыт өндірістік қуатын толығымен пайдаланып жұмыс істеуі керек екенін, сол себепті оны салалық ведомстволардың жоспарға сай тапсырыстарымен жүктеу қажеттігін атап өтті.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button