Жаңалықтар

Үкімет Қарағанды агломерациясын дамытудың 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті

Қазақстан Үкіметінің 2025 жылғы 14 ақпандағы қаулысымен Қарағанды агломерациясын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспары бекітілді. Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған құжат өңірдің одан әрі теңдестірілген әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

Сурет Үкімет

Агломерацияның орталығы Қарағанды болып табылады. Құрамына Ақтау кенті, Саран кенті, Ақтас кенті, Шахтинск кенті, Шахан, Долинка, Новодолинский кенті, Абай қаласы, сондай-ақ Абай ауданының 5 ауылдық округі, Бұқар жырау ауданының 17 ауылдық округі, Осакаров ауданының 1 ауылдық округі кірді – бар-жоғы жалпы ауданы 7,7 мың шаршы км құрайтын 33 елді мекен. Бұл аумақтар Қарағанды қаласынан 30 шақырымдық көліктік қолжетімділік аймағына кіреді. Агломерация халқының жалпы саны шамамен 870 мың адамды құрайды.

Құжатта Қарағанды агломерациясының географиялық орналасуына байланысты жалпы Орталық Қазақстанның дамуы үшін маңызы зор екені атап өтілген. Оны дамыту ірі қалаларға жүктемені азайтуға, қоныстандырудың тірек қаңқасын қалыптастыруға, қала мен ауыл арасындағы өмір сүру деңгейінің теңгерімсіздігін азайтуға мүмкіндік береді деп болжануда.

Алдағы бес жылда жаңа өндірістерді ашу есебінен өңірде 17 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Есептеулер бойынша, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,5 трлн теңгеге дейін өседі, өңдеу өнеркәсібінің үлесі 71% дейін ұлғаяды. Күтілетін нәтижелердің арасында ШОБ өсімі мен осы саладағы жұмыспен қамтудың ұлғаюы да бар.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button