Ресми

Әкімдерді сайлау – демократияға қадам

Қазіргі сындарлы кезеңде, әлемде болып жатқан алаңдатарлық үрдістер, жаһандық әлемнің алдында, Қазақстан алдында да жаңа сын-қатерлер туғызып отыр. Жаңа әлемдік қауіп-қатерлерге тап болған күрделі халықаралық жағдайда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзін батыл әрі ерік-жігерлі адам ретінде көрсетті.

Ол елдегі сауықтыру және тұрақтандыру шараларын өткізу үшін жедел және орынды әрі батыл шешімдер қабылдады. Олардың бәрі ел мен Қазақстан азаматтарының мүддесі үшін жасалады. Ел президенті Қ.Тоқаев өз реформасында Жаңа Қазақстанның өркен жайып дамуы үшін жаңа, ұтымды әрі сәтті жолын ұсынды. Әрине бұл жол қарапайым болмайды, бірақ президентіміздің батыл саясаты, еліміздің біртұтастығы мен бірлігі арқасында біз бұл мақсатқа да жетеріміз айқын.

Бізге Қазақстанның табысты дамуы үшін біртіндеп және кезең-кезеңмен жүргізілетін реформалардың эволюциялық жолы қажет. Мұндай уақытта Қазақстанға ел тағдыры үшін жауапкершілікті өз мойнына алатын көшбасшы қажет. Сондықтан, Қазақстан азаматтары Президент төңірегінде бірігіп, онымен бірге уақыттың барлық сын-тегеуріндеріне абыроймен және жауапкершілікпен жауап беруі керек.

2021 жылы елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен, «Қазақстандағы сайлау туралы» Конституциялық заңға әкімдер сайлауын енгізуді көздейтін түзетулерге қол қою арқылы, ауылдық деңгейдегі, аудандар мен аудандық, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін тікелей сайлау институты енгізілді.

Қоғамды демократияландырудың маңызды институты – сайлау. Әкімдерді сайлау халықтың ерік-жігерін білдіру, оның мемлекеттік басқаруға қатысуының негізгі нысандарының бірі. Көптеген шет елдердің тәжірибесі көрсеткендей, тікелей сайлау кезінде жергілікті атқарушы органның басшысы сайлаушылар алдында жауапкершілік сезінеді, бұл оның жұмысының нәтижелеріне оң әсер етеді. Әкімдерді сайлау институты «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді.

Ауыл – біздіңалтын тамырымыз. Ауыл-аймақтарға жиі барамын. Ел тынысы мен әлеуметтік жағдайы, әкімдердің қызметі туралы пікірлер алмасқанда ауыл белсенділерінің осы орайда халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына баса назар аударып, тиісті шаралар қабылданып жатқандарын жиі естимін. Бұл президентіміздің жүргізіп жатқан тиімді саясатының айғағы болса керек.

Жалғас ОРЫНБАСАРҰЛЫ,

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button