Жаңалықтар

Әкімдер сайланады

29 тамызда Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Ұлытау аудандарының селолық округ және ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді. Сайлау ережелері «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңына сай белгіленген.

Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Абай ауданындағы Көксу, Мичурин, Ақбастау селолық округтері, Бұқар жырау ауданындағы Ақбел, Үміткер, Белағаш, Суықсу селолық округтері, Қарқаралы ауданындағы Егіндібұлақ селолық округі, Нұра ауданындағы Тассуат, Ахмет ауылдары, Осакаров аудандағы Ақбұлақ, Чапаев селолық округтері, Ұлытау ауданындағы Қоскөл селолық округі әкімдері сайланады. 13 орынға 40 үміткер тіркелген. Қазір олар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

Қазақстанда аудандық маңызы бар қала, селолық округтер, кенттер, ауыл әкімдері сайланады. Селолық округ құрамына кірмейтін ҚР аудандық маңызы бар қала, селолық округтер, кенттер, ауыл әкімдерін қызметке тағайындау, құзыреттілігін тоқтату, орнынан босату ережесі ҚР Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығымен бекітілген.

Үміткерлер жергілікті қауыммен кеңескен соң ұсынылады. Ереже бойынша олардың жасы 25-тен төмен болмауы тиіс. Жоғары білімінің болуы басты талап. Өзге облыстардың тұрғындары сайлауға қатыстырылмайды.

Сайлаушылар жергілікті мәслихат депутаттары болып табылады. Сайлау құпия дауыс беру арқылы өтеді. Сайлаушылардың отырысына үш депутаттың екеуі қатысса, сайлау өткен болып есептеледі.

Әкімдер 4 жылға сайланады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button