Жаңалықтар

Әкім уәде берді

Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ ірі сауда орталықтары маңында ағаштарды діңіне дейін кесіп тастағаны үшін кәсіпкер мен әкімдік қызметкерлерін жауапқа тартуға уәде етті.

Ағаштардың бұлай кесілуіне қала тұр­ғындары мен экологтар наразылық біл­діреді. Олардың айтуынша, жапырағы мен бұтағынан айырылған ағаштар енді қурап қалуы мүмкін. Әдетте мұндай жұмыстар өз маусымында ғана жасалуы тиіс. Оқиға орнына барған қала әкімі бейнежазба ар­қылы, кінәлілерді жауапқа тартуға уәде етті.

«Бүгін қалада ақылға қонымсыз жағдай болды – қаламыздың басты көшесі – Бұқар жырау даңғылында ағаштарды діңіне дейін кесіп тастаған. Кәсіпкер Анжела Борисенко мердігер компанияны жалдаған, олар жа­сыл желекті санитарлық бұталау нормала­рын еш елеместен, кесу жұмыстарын аса жиренішті әдіспен жасаған. Кәсіпкер мәселені талқылау үшін осы жерге шақырылған еді. Бірақ, ол келмеді. Онымен кездесу ер­теңге жоспарланды. Қалаға осындай залал келтірген кәсіпкер компенсация ретінде кө­шеттер отырғызып, заңнама бойынша ай­ыппұл төлеуге міндеттеледі. Аудан әкімдігі қызметкерлеріне келер болсақ. Аталған жұмысқа жауапты маман ертең қызметінен босатылады. Абаттандыру бөлімінің басшылығы мен оның осы мәселеге жауапты орынбасарына қатысты қызметтік тексеріс жүргізіледі. Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарлаймын», – деп жазды Қа­ рағанды қаласының әкімі Facebook­-тегі парақшасында.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button