Ресми

Әкім сыйлығы – жастарда

Бүгін Қарағандыда «Qaragandy Jastary» жастар сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Қарағанды Жастар ресурстық орталығының мәліметінше байқауға 14 пен 35 жас аралығындағы 57 үміткерден өтінім түскен.

Сурет: Жастар ресурстық орталығынан

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті студенттерінің Мәдениет сарайында өткен шараға қала әкімінің орынбасары Абзал Рахымбаев, қалалық мәслихаттың депутаттары, қоғам белсенділері, мемлекеттік органдардың және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Сонымен «Жас волонтер» номинациясы  Аймира Баграмоваға, «Жас педагог» номинациясы Әсем Тарыбаеваға, «Жас спортшы» номинациясы Никита Ермаковқа, «Жас дәрігер» номинациясы  Аманжол Абдрахмановқа, «Жас жұмысшы» номинациясы  Нұрғазы Абзалбекке, «Жас Отан қорғаушы» аталымы Монай Құлынтайға,  «Мәдени-әлеуметтік дамуға қосқан үлесі үшін» номинациясы Мадияр Сүлейменовке  бұйырды.

Жеті номинация бойынша марапатталған жеңімпаздар 300 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлыққа ие болды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button