Руханият

«Үкім» фильмі көрерменге жол тартты

Қарағандыда «Үкім» толық метражды фильмінің көрсетілімі өтті. Кинотурдың кеншілер астанасынан басталуы да тегін емес. Туындының режиссеры әрі сценарий авторы Диас Бертіс Қарағандының тумасы. Алда фильм Астана, Шымкент, Түркістан сынды қалаларда көрсетілмек.

Сурет ашық дереккөзден

Жас талантты режиссер Диас Бертіс мыңдаған көрерменнің жүрегін жаулаған «Черный двор» телехикаясынының да режиссеры екенін атап өткен жөн.

«Үкім» фильмі өмірде болған шынайы оқиға негізінде түсірілген. Түсірілім жұмыстары Қырғызстанда өтсе, басқа жұмыстардың барлығы Қазақстанда атқарылған.

Туындыны Қазақстан мен Қырғызстан киногерлерінің бірлескен жобасы екенін де айта кету керек.

Толығырақ «Ortalyq Qazaqstan» газетінің алдағы сандарынан оқи аласыздар.

Жәлел ШАЛҚАР,
ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button