Өкілетті органдардың өткен жолы: атқарылған істерді саралау, болашақты бағамдау
Қоғамды демократияландыру үдерістерінде жергілікті өкілді органдардың, халық билігінің негізгі формасы ретінде мәслихаттар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының маңызы өте зор. Мәслихат – халық сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілеп, олардың жүзеге асырылуын қадағалайтын жергілікті өкілді орган. Өз қызметінде мәслихат қоғамдық маңызы бар салаларда белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды ұстанады, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Мәслихат өз өкілдігін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға, Қазақстан Республикасының Президенті, Парламенті мен Үкіметінің актілеріне және де мәслихат жұмысының регламентіне сәйкес жүзеге асырады.
Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдар ішінде Қазақстан зор саяси және экономикалық жетістіктерге қол жеткізді. Мұнда да жергілікті өкілетті органдардың қомақты үлесі бар.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы қабылданғанда жаңа тәуелсіз, егемен мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы басталды. Дәл сол жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі жергілікті мемлекеттік органдар құрылымына маңызды өзгерістер енгізген «Жергілікті билік және атқарушы органдар туралы» Заң қабылдады. Жергілікті өкілетті органдар – мәслихат, жергілікті атқарушы органдар әкімшілік болып аталды.
Мәслихаттар және әкімшіліктер «жергілікті мемлекеттік басқару органдары» деген жалпы атауға біріктірілді. Ұйымдастырушылық жағынан жергілікті органдар – «бірбірінен бөлінген, әрқайсысының өкілеттігі, мәселелер аясы мен өз құзыреті бар».
1994 жылдың наурыз айында елімізде Қазақстанның саяси көзқарасындағы жаңа толқынды танытқан жергілікті өкілетті билік органдары – мәслихаттарға алғашқы сайлаулар басталды. Ол елдегі бәсекеге қабілетті алғашқы сайлау болып, республиканың демократиялық үрдістерін жедел дамытты. Мәслихаттар нақты заң шеңберінде жергілікті халықтың еркіндігі мен ерікті іс-әрекет етуін қамтитын мемлекеттік органдардың өкілеті тұрғысындағы функцияларға ие болды.
2001 жылдың қаңтар айында Парламент «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заң қабылдады. Конституциялық реформаның іс жүзінде жүзеге асырылуы 2007 жылы тамыз айында өткен Парламент Мәжілісіне және мәслихаттарға депутаттар сайлаулары болды. Олар Елбасының «партиялық механизмдердің күшеюі заманауи азаматтық қоғамның қалыптасуына, халықтың қоғамдық үдерістерге белсенді араласуына ықпал ететін» және «бұл үдерісте басты рөлді саяси партиялар ойнауы керек» деген ойын дәлелдеп берді. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің реформаторлық бағытының ұстанымды екенін мәслихаттар өз іс-әрекеттері арқылы көрсетті.
Конституциялық реформалардың маңыздылығы туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Жаңа саяси жүйеде мәслихаттар әрекетінің табиғаты өзгереді. Олар азаматтық қоғам сұранысын ілгерілетуді қамтамасыз ететін жеке билік органы болады», – деп атап көрсетті. Сол тұрғыда Қарағанды облыстық мәслихаты жұмысының негізгі принципі – атқарушы органдармен тығыз байланыста жұмыс істеу, ортақ іске бірге жұмылу.
Депутаттардың қоғамдағы үдерістердің мазмұнын жіті түсінуі қуантады. Олар депутаттық корпус алдындағы міндеттерді шешудегі өз орындары мен рөлдерін сезіне біледі. Осы орайда, биылғы жылы жергілікті өкілетті органдар – мәслихаттардың алғашқы сайлауларына 25 жыл толатынын мақтанышпен айтуға болады. Бұл елдегі алғашқы бәсекелесті сайлаулар болды. Қарағанды облыстық мәслихатына құСерік ӨТЕШОВ, Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы Қоғамды демократияландыру үдерістерінде жергілікті өкілді органдардың, халық билігінің негізгі формасы ретінде мәслихаттар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының маңызы өте зор. Мәслихат – халық сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілеп, олардың жүзеге асырылуын қадағалайтын жергілікті өкілді орган. Өз қызметінде мәслихат қоғамдық маңызы бар салаларда белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды ұстанады, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді. рылған кезеңінен бастап С.К. Ағыбаев, С.Қ. Досмағамбетов, Қ.М. Медиев, Б.Қ. Жұмабеков, Н.О. Дулатбеков, Р.Қ. Әбдікеров сынды аймақ-атырапқа белгілі азаматтар басшылық жасады.
Қай кезде де елдің ел болып сақталуына, оның өркендеп өсуіне билік басындағы азаматтардың тарихи жауапкершілігі шешуші ықпал еткен. Жоғарыда аты аталған азаматтардың тағылымы олардың осындай биік азаматтық өресінен туындайды.
Елдің дамуымен халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы да өзгеріп отырады, сондықтан да әрбір шақырылымдағы мәслихаттар экономика мен қоғамдағы маңызды рөлге ие болып қала береді. Арада өткен жылдары мәслихат құрамына өндіріс, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет салаларындағы бірқатар таңдаулы өкілдер сайланды, олардың көпшілігі өздерін қайраткер, іскер басшы, ұйымдастырушы ретінде көрсете алды. Халық қалаулылары ретінде тұрғылықты халықтың мұңмұқтажы, талап-тілектерімен көп жұмыс жасады. Қалың бұқара мен билік органдары арасында алтын көпір болды. Еліміздің экономикасының локомотиві іспетті іргелі аймақ Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлестерін қосты. Қазіргі күні де облыстық мәслихат аймағымыздың қоғамдық-саяси және экономикалық, әлеуметтік салаларына белсенді араласуда.
Қалың бұқара депутаттарды ел өміріндегі жағдайды өзгертуге мүмкіндігі бар адам ретінде қабылдайды. Осы тұрғыда мәслихаттың рөлі оның қоғамдағы, әлеуметтік-саяси өмірдегі бет-беделіне байланысты болып келеді. Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттық корпусында өңірдің қалыптасуы мен дамуына еселеп еңбек сіңірген, өз саласының бірегей мамандары, өндіріс, кәсіпорын, мекеме, ұйым басшылары, ғалымдар, кәсіпкерлер, тағы басқалары көптеп саналады. Мәселен, мәслихаттардың барлық шақырылымының депутаты болып сайланған академик С.М. Әдекенов, сондай-ақ бірнеше шақырылым бойы депутаттық мандат талабын абыроймен атқарып келе жатқан Ғ.Жарылғапов, Ж.C. Таласпеков, Қ.Б. Оспанова, Г.Г. Прокоп, М.В. Миргаязов, Ж.Ж. Мұхаметжанов, А.З. Нығматулин, Т.Т. Тілемісов, Ш.А. Осин, Н.И. Иманов, А.Б. Түкбаева, Д.Д. Чернов және тағы басқалары – өздерінің негізгі қызметін депутаттық жұмыспен шебер ұштастырып, халықтың талаптілегін, мұң-мұқтажын терең түсініп, проблемаларын мүмкіндігінше шешіп, сенім үдесінен көрініп жүрген танымал тұлғалар.
Депутаттық мандат артар жауапкершіліктің ең маңыздысы – әрбір азаматтың әл-ауқаты және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ету. Депутаттың алдына қойылған міндеттер, олардың шұғылданатын кәсібі мен жас шамасына қарамастан, әр азаматтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Әрбір бағыттың өзіне тән ерекшеліктері бар және олардың астарында әлеуметтік сипаттағы түйіндерді тарқатудың тың тәсілдері жатыр. Оларды іске асыру көптеген өмірлік маңызы бар проблемаларды шешуге мүмкіндік береді, халықтың әлеуметтік көңіл-күйін жақсартады және адамдардың бойына болашаққа деген сенімді ұялатады.
Облыстық мәслихат облыс әкімінің аппаратымен, Қоғамдық кеңеспен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен, мемлекеттік емес ұйымдармен және саяси партиялармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Депутаттар облыс әкімдігі жанындағы түрлі консультативтік-кеңесші органдардың құрамына енгізілген. Салалық бағыттардағы тұрақты комиссиялардың отырыстарында және сессияларда мемлекеттік органдардың облыс тұрғындарын алаңдатып отырған мәселелер бойынша жүргізген жұмыстары мен жоспарлы шараларына қатысты есептері тұрақты түрде тыңдалады. Азаматтық қоғам өкілдері түрлі мәселелер бойынша сарапшы ретінде тартылады.
Алтыншы шақырылған облыстық мәслихат депутаттарының басым көпшілігі сессияларға, тұрақты және уақытша комиссиялар отырыстарына енгізілген мәселелерді талқылау кезінде белсенділік пен табандылық танытады. Олар қойылған міндеттер мен анықталған проблемаларды шешу бойынша түбегейлі ұсыныстар енгізетінін айта кеткен орынды деп білеміз.
Депутаттық корпустан келіп түскен ұсыныстарға байланысты айдың әрбір үшінші бейсенбісі «Депутат күні» болып белгіленді. Мұнда облыстық мәслихаттың депутаты әлеуметтік маңызды мәселелерді қарау, азаматтардың өтініштерін ескеру, нысандарды аралап көру, шолып шығу бойынша түрлі үлгідегі іс-шараларды өткізуге бастамашы бола алады. Аталған ісшараларға депутаттар көтерген проблемаларды жедел және сапалы қарау үшін мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың жауапты басшылары шақырылады.
Депутаттардың ықпал етуі арқасында сайлаушылардың жекелеген азаматтарды жұмысқа орналастыру, балалар үйлеріне, мүгедек балаларға, аз қамтамасыз етілген отбасыларға демеушілік көмек көрсету, қайырымдылық акцияларын өткізу, коммуналдық мәселелерді шешу, қар тазалау және автожолдарды жөндеу, тағы да басқа сол сияқты түрлі проблемалық мәселелер шешімін тапты. Сайлауалды бағдарламасын орындау депутаттың жұмысындағы басты тармақ болып қала береді.
Облыстық мәслихаттың аппараты депутаттық корпус қызметінің ақпараттық-талдау, құқықтық және ұйымдық жұмысын қамтамасыз етеді. Облыстық мәслихат өзара іс-қимылды қамтамасыз ету аясында біздің әріптестеріміз – Қарағанды облысының қалалық және аудандық мәслихаттары депутаттарын бірлескен жұмысқа тарту бойынша біршама ұйымдық жұмыстар жүргізді. Олар бірлескен көшпелі жұмыс топтарына қатысады, мәслихат хатшылары сессия отырыстарына шақырылады.
Мемлекет басшысының салауатты өмір салтын насихаттау және тұрғындарды бұқаралық спортпен қамту туралы тапсырмасын орындау аясында облыстың депутаттық корпусын спорттық іс-шараларға тартуға қатысты бірқатар жұмыстар жүргізілді. Айталық, өткен жылдың мамыр айында Қарағанды қаласында облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары мен аппарат қызметшілері арасында тұңғыш рет спартакиада ұйымдастырылды. Депутаттық корпустың ардагерлері, Қарағанды облысы спортының еңбек сіңірген қызметшілері, сондай-ақ Қарағанды қаласының құрметті тұрғындары аталған шараның қонақтары қатарында болды. Халық қалаулылары, сондай-ақ, мәслихат аппаратының қызметшілері алты спорт түрі – волейбол, шахмат, үстел теннисі, дойбы, кір тасын көтеру, арқан тарту бойынша сынға түсті. Спорттық сайыстарға қатысуға облыстың барлық өңірлерінен 300-ден астам адам тілек білдірді. Осы жылғы сәуір айының соңғы күндері екінші рет өткен спорт жарысы алдағы уақытта дәстүрге айналмақшы. Түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттарының жақын араласуы, өзара тығыз қарым-қатынас орнатуы, ең бастысы салауатты өмір салтын ұстану, бұқаралық спортты насихаттауды мұрат тұтқан бұл игі бастама әріптестеріміз тарапынан қызу қолдау тауып отыр.
Биыл – Қазақстан мәслихаттарының құрылғанына – 25 жыл. Сол орайда, мұндай дөңгелек даталар барысында, тек өткен кезең, атқарылған істер ғана қорытындыланып қоймайды, сондай-ақ, органның қызметін жетілдіру мақсатында одан әрі дамудың бағыт-бағдарлары белгіленеді. Кез келген өміршең мәселелердің өзі де уақыт өте келе жаңаша тұрғыдан қарап, дамытып, жетілдіріп отыруды қажет етеді. Осыған байланысты біздің облыстық бюджетті қалыптастыру, оның атқарылуын, басқа да мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру барысын қарастыру кезіндегі атқарушы органдармен біріккен жұмысымызды тағы бір рет қайта қарау, сөйтіп қаражаттардың орынды пайдаланылуына депутаттық бақылауды қамтамасыз ету қажет деп білеміз.
Арада өткен ширек ғасырлық уақыттың жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілетті органдарының қалыптасуы мен дамуының белгілі бір кезеңінің қорытындысы ретінде ерекше маңызы бар. Мәслихаттар өзінің өміршеңдігін, ал депутаттар кәсіптік қабілеттілігі мен қызметтік жауапкершілігін толық дәлелдеді. Өкілетті органдарға сайлана отырып, біз аймақ өміріне қатысты түрлі маңызды шешімдер қабылдау, оның жүзеге асуын бақылау барысында жерлестеріміздің мүдделерін қорғау міндеті жүктелгенін жақсы сезінеміз. Сол тұрғыда өзіміздің білімімізді, өмірлік тәжірибемізді, қарым-қабілетімізді біріктіре отырып қана нақтылы нәтижелерге жете аламыз.
Сөз орайында 2018 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, қазіргі Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған ҚР Парламенті Сенаты жанындағы «Жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі Кеңестің» жұмысы жайында да айта кеткен орынды. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру мақсатында құрылған Кеңес бүгінгі таңда өзінің өзектілігін дәлелдеп отыр. Осы жылғы 22 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында өткен Кеңестің кезекті отырысына түрлі деңгейдегі мәслихаттардың хатшылары, мүдделі министрліктер мен ведомостволардың өкілдері шақырылды. Қатысушылар жергілікті өзін-өзі басқару қазіргі замандағы демократияның басты діңгегі екенін атап өтті. Мемлекеттілікті нығайту және қазақстандық демократияны дамыту тұрғысында мәслихаттарға да артылар жауапкершілік зор. Соңғы кезде Парламент жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктерін айқындауға, сондай-ақ олардың қаржылай дербестігін кеңейтуге бағытталған бірқатар заңдар қабылдады. Отырыс барысында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру мәселелері талқыға салынды. Онда жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған заңдарды жүзеге асыру барысында Қарағанды облысында атқарылған шаралар мысалға алынды. Жергілікті өкілді органдар жұмысын дамыту мәселелерін талқылай келіп, Кеңес мүшелері жергілікті өзін-өзі басқару реформаларын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды жетілдіру жолындағы өзекті мәселелерді атап өтті және Үкіметке, уәкілетті органдарға және Парламент депутаттарына ұсыныстар білдірді.
Қорыта келгенде, еліміздің ұзақмерзімді Стратегиялық бағдарламаларында белгіленген тапсырмаларды жүзеге асыруға жергілікті тұрғындардың өкілді тұлғалары – депутаттар да сүбелі үлес қоса береді деп сенім білдіреміз. Бағдарламада нақты айқындалып, онда белгіленген бағыттарды іске асыруға қазақстандықтардың бір кісідей жұмылуы – болашақ жетістіктеріміздің алғышарты. Халық сайлайтын әр түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары да жауапкершілік пен жаңашылдықты ұстана отырып, еліміздің одан әрі дамуы жолында тынымсыз еңбек ете беретін болады.
Серік ӨТЕШОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы.