Спорт
Киевтік «Динамо» түлегі «Шахтерге» ауысуы мүмкін
Украиналық қорғаушы Дмитрий Рыжук Қарағандының «Шахтер» футбол клубына ауысуы мүмкін.
31 жастағы футболшы соңғы үш маусым бойы «Оқжетпесте» өнер көрсетті. Рыжук Киевтің «Динамосының» түлегі. Ол «Металлист Харьков», израильдік «Хапоэль Акко» және «Афула», сондай-ақ украиналық «Черноморец» пен беларусьтік «Минск» командаларында ойнаған.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.