Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыс пен қала әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма жүктеген еді. Әрі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын бекітіп, ел тұрғындарын қоршаған ортаны қоқыстан тазартуға шақырды. Әрі әр аптаға түрлі атау беріп, ел тұрғындарын сенбілікке шақырды.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының екінші аптасы – «Киелі мекен» деп аталады. Осы аптада Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі жыр алыбы Жамбыл Жабаев ескерткішінің аумағын қоқыстан тазартты.
Сенбілікке оқу орынының барша қызметкерлері мен студенттері қатысып, белсенділік танытты.
Айта кетейік, ауқымы кең акцияның алғашқы аптасы «Таза өлке» деп аталды. Бұл апталықта өңір бойынша барлық мекеме сенбілікке шығып, аула мен демалыс орындарын қоқыстан тазартқан болатын. Екінші аптасында аудан-қала аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер абаттандырылады.
Ербол ЕРБОЛАТ,
САРАН.
Ortalyq.kz