АймақБұқар жырау

Кезекте тұрғандар баспаналы болды

Бұқар жырау ауданы, Ақбел ауылында төрт отбасыға пәтер кілті табысталды. Бұл үйлердің құрылысына «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қаржы бөлген. Бүгінде өз баспаналарының кілтін алған жандардың қатарында халықтың әлеуметтік осал тобына жататын, көпбалалы отбасы мен кезекте тұрған жандар бар.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Үй – кең. Әрі жарық. Үй ішін заман талабына сай безендірген. Ал, үйдің әрқайсысы үш бөлме. Жалпы ауданы – 80 шаршы метр. Кезегін күтіп, бүгінде үйінің кілтін алғандардың қатарында көпбалалы ана Мәншүк Сайкенова да бар.

– Үй кезегінде жеті жыл тұрдым. Үмітім ақталды. Балаларым қуанып жүр, өз үйлерінің болғанына. Үйіміз – кең. Барлығын да дайындап берді. Жуынатын бөлмеге дейін жөндеу жұмыстары жасалған. Қуанышымда шек жоқ, – деді көпбалалы ана.

Айта кетейік, бұған дейін Ботақара кентінде, Үміткер мен Жаңақала ауылында да пәтер кілті табысталған. Енді жыл соңына дейін Көкпекті ауылы мен Ботақара кентінің 20 отбасын қуантпақ.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button