Ресми
Кеше ғана бекітілген Ұлытау облысының төлтаңбасы қайта таңдалатын болды
Байқау нәтижесі бойынша кеше ғана бекітілген Ұлытау облысының төлтаңбасы тұрғындардың қызу пікірталасынан кейін қайта таңдалатын болды.
– Облыс төлтаңбасы мәселесі әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды. Осыған байланысты конкурс қорытындыларын және сәйкесінше конкурстық комиссияның нәтижелерін жою туралы шешім қабылданды, – делінген Ұлытау облысы әкімдігінің Facebook парақшасында.