Кенттегі қоныстойлар
Наурыз мерекесі табалдырықтан аттар алдында ботақаралық 8 отбасы баспаналы болып, оларға пәтер кілттерін Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Берік Көпбаев салтанатты түрде табыс етті.
Осы Ботақара кентінде жеке меншік құрылыс ұйымдары салған 4 екі пәтерлі бұл жаңа үйлерді аудандық әкімдік сатып алып,енді көптен үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы отбасыларға беріп отыр.Ол үйлердегі пәтерлердің әрқайсының аумағы 81 шаршы метр де,іші кең әрі ашық түстермен әрлендіріліп,жеке жылыту қазандықтары қоса салынған.Қар кетіп,күн жылынған соң бұл үйлердің аулалары абаттандырылып,көркейтілмек.
Жаңа пәтер кілтіне ие болған көпбалалы ана Жаңыл Исинаның қуанышында шек жоқ.Ол тоғыз жыл бойы пәтер жалдап,үй кезегінде төрт жыл тұрған екен.Ал төрт баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ана Мария Лашкевич жер үйге қолы жеткеніне төбесі көкке жеткендей болып,күн жылынысымен оның айналасына бақша салатынын мәлімдейді.
Наурыз мейрамы қарсаңында баспаналы болған ботақаралық 8 отбасы мерекені енді өз шаңырақтарында қарсы алып,тойламақ ниетте.
Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы
Суреттер ұйымдастырушылардан