Жаңалықтар

Кентте жаңа кешен ашылды

Жаңа жыл қарсаңында Бұқар жырау ауданының Ғабиден Мұстафин кентінде Денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылып,оған облыс әкімі Ермағанбет Қабдулаұлы Бөлекпаев келіп қатысып,құттықтау сөз сөйледі.

Суреттер облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен

   Ермағанбет Қабдулаұлы кент тұрғындарын алда келе жатқан Жаңа жылмен және жаңа кешеннің ашылуымен құттықтап:

– Спорт – денсаулық кепілі.Президентіміз де халықтың саламатты өмір салтын қалыптастыруға үнемі көңіл бөледі.Бұл жаңа кешен де сол игілікті істің негізіне айналсын!Жалпы Ғабиден Мұстафин кентін көркейту жөніндегі жоспарларымыз көп .Алдағы жылы кент іргесіндегі Нұра станциясында жайлы мектеп салынып бітіп,пайдалануға берілсе,кентте кәріз жүйелерін тарту мен Нұра өзені үстімен өтетін көпір құрылысы аяқталады, – деді.

   Кешеннің ашылу салтанатында Қали Байжанов атындағы облыстық филармонияның ” Арай” тобы мен кенттің “Эдельвейс” би тобы өнер көрсетті.

   Жаңа кешеннің ашылу салтанатында Бұқар жырау ауданының әкімі Ерлан  Құсайын мен аудандық мәслихаттың төрағасы Асхат Әли де болды.

Ержан ИМАШ,

Бұқар жырау ауданы

Суреттер ұйымдастырушылардан

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button