Кент кітапханасында патриоттық сағат өтті
Ғабиден Мұстафин кентінің көпшілік кітапханасында оқырмандармен “Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз” тақырыбында патриоттық сағат өтті.

Шара барысында кітапхана қызметкерлері Желтоқсан оқиғасының мақсаты мен қатысушылары, сол қиын кезеңде қаза болған Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Сәбира Мұқанбетжанованың аңсаған армандары мен үміт-тілектері бұл күнде толық жүзеге асып, еліміз егемендігі мен тәуелсіздігіне қол жеткізгенін мақтанышпен әңгімеледі. Сонымен қатар кітапхана оқырмандарына Желтоқсан оқиғасы мен құрбандары жайлы деректі фильм көрсетіліп, олардың арасында “Тәуелсіздік–мәңгілік мұрат” атты сұрақ-жауап ойны ойнатылды.

Тәуелсіздік күніне арналған патриоттық сағаттың соңында Желтоқсан оқиғасына байланысты слайд көрсетіліп, кітап көрмесі таныстырылды.
Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы



