АймақБұқар жырау

Кент кітапханасында өткен Көрісу күні

Ғабиден Мұстафин кентінің көпшілік кітапханасында “Қош келдің, Наурыз! Дәстүр – дәріс” деген тақырыпта Көрісу күні қазақ және орыс тілдерінде әдеби жәрмеңке түрінде өткізілді.

Бұл шараны жүргізген кітапханашылар кішігірім сахналық көрініс арқылы келген қонақтарға көрісу рәсімін төс қағысып көрсетіп, оның мәнін айтып, түсіндірді.



Оқырмандар арасынан Қадірбек Биколов “Бір шәугім шай” әнін, мұғалім Серік Баян “Мұқағали Мақатаевтың өлеңіне жазылған “Наурыз айы келгенде” әнін шырқап беріп, мерекеге байланысты викторина ойнатылды.

Сондай-ақ кітапханашылар оқырмандардың берген жауабына қарай Жамбыл Жабаев, Ахмет Байтұрсынов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, тағы да басқа ақындардың өлеңдерін оқып, кітап көрмесі таныстырылып, онда қойылған кітаптардан сөзжұмбақ құрастыру ұсынылды. Әр оқырман көрмеде жазылып тұрған сұрақтарды алып оқып, жауабын кітаптардан іздеп, экраннан сөзжұмбақтың жауабы “Наурыз” сөзін тапты. Дұрыс жауап беріп, 7 жетон жинаған Токаревка тірек мектебінің мұғалімі Серік Баян 1-орынды иеленсе, қалған екінші, үшінші орындарды кент әкімі аппаратының маманы Назгүл Кашенова мен Токаревка тірек мектебінің мұғалімі Сивара Оңғарбаева алды.
Кітапханада өткен Көрісу күнінде бес тас ойыны да болып, оған қатысқандарға кітапхана атынан сый-сияпат жасалды.
Осы шараға қатысып отырған кент әкімі аппаратының бас маманы Олжас Қайруллаұлы кітапхана қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, оқырмандар, әсіресе, жастар осындай мейірім мен инабатқа толы ата-баба салты туралы шаралар жиі өтуін сұрады.

Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы
Суреттер ұйымдастырушылардан

Басқа материалдар

Back to top button