Кеншілерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Коалиция мүшелері Абай көмір шахтасының кеншілерімен арнайы кездесу ұйымдастырып, референдум аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесудің басты мақсаты – еңбек ұжымымен тікелей пікір алмасу, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылау және әлеуметтік бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы кеңінен ақпарат беру.

Жиын барысында қатысушылармен еліміздегі әлеуметтік-экономикалық даму, еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалар, сондай-ақ өңірде жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы әңгіме өрбіді. Сонымен қатар алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар мен бастамалар таныстырылып, олардың негізгі бағыттары мен маңызы түсіндірілді.
Кеншілер өз тараптарынан өндірістегі еңбек жағдайы, әлеуметтік қолдау, инфрақұрылым және тұрмысқа қатысты түрлі мәселелер бойынша ой-пікірлерін ортаға салды. Әр ұсыныс пен пікірге назар аударылып, көтерілген мәселелерді бірлесіп шешудің жолдары талқыланды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, еркін пікір алмасуға мүмкіндік берді.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



