Кеншілердің еңбекақысы төмендемейді
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның «Костенко» атындағы шахтасында 2023 жылдың 28 қазанынан бастап, кәсіпорынның тіршілікті қамтамасыз ету жұмыстарынан басқа, ерекше бұйрық берілгенге дейін барлық жұмыс түрлері тоқтатылған.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның атқарушы директорының бұйрығына сәйкес «Костенко» атындағы шахта жұмысшыларына еңбекақы:
– 2023 жылдың 1-27 қазан аралығында жоспар 100% орындалғандағыдай сыйақымен төленеді;
– 2023 жылғы 28 қазан мен 31 қазан аралығында жұмыс тоқтатылған уақытта орташа жалақы мөлшерінде төленеді;
– Басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілген қызметкерлерге Еңбек кодексінің 45-бабына сәйкес еңбекақы атқарған жұмысына сәйкес, бірақ, негізгі жұмыс орнындағы орташа жалақысынан төмен емес негізде төленеді.
Кеншілердің табысы (еңбекақысы) төмендемейді.