Кеншілердің айлығы азаймайды
Аймақтағы шахталарда еңбек ететін кеншілер жұмыстан қысқартуға ұшырамайды және айлықтары да бұрғынғыдан кемімейді. Жаңадан келетін инвесторға да қойылатын басты талаптың бірі – осы. Бұл жөнінде аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев мәлімдеді.
– Көптің арасында жүрген бұл мәселе бізге де жетті. Біз шахтадағы жағдайды толық бақылауымызда ұстаймыз. Басшыларымен тікелей жұмыс жасап жатырмыз, – деді аймақ басшысы.
Дегенмен, апаттың соң өнім көлемі де азайған. Аймақ басшысы кеншілердің жұмыстан қысқармайтынын, айлықтарының азаймайтынын атап отыр.
– Жұмыскерлер қысқартылмайды. Айлықтары да азаймайды. Мұндай сөз де көтерілмеген. Әу баста да айтқан болатынбыз. Алдағы уақытта жаңа инвестор келсе де, осы талаптар бірінші қойылады, – деді Ермағанбет Қабдулаұлы.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz