Кеншілер мерекесіне арналған салтанатты кеш өтті
Шахтерлер күні – аймақ үшін ерекше мереке. Себебі, кен өндіру – еліміздің индустриялық қуатының негізгі арқауы, аса маңызды статегиялық әрі энергетикалық ресурсы.
Шахтерлердің қажырлы еңбегін, ел экономикасына қосып жатқан үлесін Мемлекет басшысы да бағалайды. Төл мереке қарсаңында 100-ден астам кеншіні орден, медальдармен марапаттады. «Qarmet» АҚ ұйымдастырумыен өткен салтанатты шарада «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісі мен «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды. Шараға қатысқан облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев лебізін білдірді.
– Бұл атаулы күннің қарағандылықтар үшін маңызы ерекше. Облысымызда тау-кен саласында 40 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Жалпақ тілмен айтқанда әр шаңырақта бір кенші бар деген сөз. Қаламызың 90 жылдық тарихы көмірмен тығыз байланысты. Еліміздің индустриялық дамты осы қаладан басталды десек, оның қозғаушы күні – шахтерлер. Баршаңызды мерейлі мерекемен құттықтаймын, – деді Ермағанбет Қабдулаұлы.
17 жыл шахтада еңбек еткен Серікбол Жетпісбай «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері атанды.
– Ленин атындағы шахтаның машинисімін. Әрине, қуаныштымын. Шахтерлердің еңбегі қиын да қажырлы. Оны бәрі біледі. Елеп, ескерген басшылыққа алғыс айтамын, – дейді ол.
Бұдан бөлек, «Qarmet» АҚ 11 жұмыскеріне көлік кілтін табыс етті. Салтанатты шара мерекелік концертпен жалғасты. Марат Бекішев, Нұрлан Абдулин, Игорь Крутой жиналғандарға көтеріңкі көңіл сыйлады.
Жансая ОМАРБЕК,
Ortalyq.kz