Медицина

Кене энцефалитінің алдын алу

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аумағында кене инфекциялары бойынша эпидемиялық жағдайдың біршама нашарлауы анықталды. Эндемиялық аумақтарда кене энцефалитімен сырқаттанушылықтың өсуі байқалды, халықтың иксод кенелерінің шағуымен айналымының ұлғаю үрдісі сақталуда.

Сурет massaget.kz

Аурудың табиғи ошағы бар жерде кене инфекциясын жұқтыруға болады бұлар Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары, Алматы маңы (кене энцефалиті бойынша), Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары (Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша), бірақ ТМД, Балтық жағалауы, Қытай, Корея, Шығыс Еуропа елдерінен де әкелінуі мүмкін.

Қарағанды облысында, Шахтинск аймағында кене энцефалитінің және боррелиоздың жағдайлары тіркелген жоқ. Бірақ жыл сайынғы зоопаразитологиялық зерттеу жүргізу кезінде вирустың айналымы анықталды, кене энцефалитінің табиғи ошақтары (Қарағанды қ., Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы аудандарының маңы) бар, бұл эпидемиологиялық мезгілде (сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз айлары) адамға кене шабуыл жасағанда жұқтыру қаупін туғызады.

Кене энцефалиті – бұл табиғи ошақты, вирустық ауру, оның қоздырғышы орталық жүйке жүйесіне әсер ететін кене  энцефалитінің вирусы болып табылады. Бұл аурудың тасымалдаушысы – иксодкенелері, олар адам ағзасына жабысқан кезде кене энцефалитінің вирусын таратады.

Кенелердің адамға шабуылы табиғатта демалу, малжаю, саяжайларда жұмыс істеу кезінде болуы мүмкін. Кене энцефалитімен барлық жастағы адамдар ауырады. Кенелердің белсенділігі сәуір, мамыр, маусым айларына келеді, осы уақытта аш кенелер адамдарға шабуыл жасайды.

Шахтинск аймағының айналасы кене энцефалитіне эндемикалық емес, бірақ жыл сайын кене энцефалиті вирусының айналымын зерттеу мақсатында кенелерді жинау жүргізіледі, одан әрі зерттеу қалалық АҚИ облыстық зертханасында жүргізіледі.

Кене энцефалитінің алдын алудың негізгі спецификалық емес шараларының бірі – кенелерден қорғаудың жеке шараларының ережелерін сақтау, табиғатқа шығу кезінде кенелерді адамға жабысу фактісін болдырмау.

Бұл жағдайда біз мыналарды ұсынамыз:

-киімдердің жағаларын, манжеттерін жақсылап жауып кию, көйлекті шалбарға, ал шалбарды аяқ киімге немесе шұлыққа мықтап бекіту керек. Кенелердің денеге жабысуы қиындау үшін, іш киім денеге тығыз қалыпта болуы керек. Құлақпен бас терісін кенелерден қорғау үшін басқа орамал байлау қажет.

– дененің ашық жерлеріне, сондай-ақ киімнің үстіне дәріханаларда және сауда желісінде сатылатын репелленттерді (ОФФ, Тайга, «Кене -пикникке қарсы» және т.б.) жағу қажет.

– кенелердің адамға жабысуы демалысқа шығу кезінде пайда болады, сондықтан кенелердің белсенділігі сағат 11-ден 17-ге дейін төмендеген кезде арнайы белгіленген жерде, күндізгі уақытта шыққан дұрыс.

– демалғанда шатырды қоятын, тоқтайтын орынды құрғақ шөптерден, жапырақтардан мұқият тазарту керек, өйткені оларда кенелер жиі кездеседі. Даладағы демалыстан кейін бастың түкті бөлігіне, тері қатпарларына, құлақ ішіне, қолтық асты және шап аймақтарына назар аударып, кенелерден тексеру керек.

Адамның терісіне кененің жабысып тұрғанын көрсеңіз, оны емдеу мекемесінің медициналық жұмыскеріне алғызу керек. Олар кенеге қарсы иммуноглобулинмен профилактикалық шұғыл ем жүргізіп, кенені зертханалық зерттеуге жібереді.

Кене шағып алған барлық адамдар кене шаққаннан кейін 3 күннен кешіктірмей кене энцефалитімен аурудың алдын алу мақсатында одан әрі медициналық бақылау үшін медициналық көмекке жүгінуі керек.

Абайлаңыздар, кене шағуынан сақ болыңыздар!!!

С.ИРИСТАЕВ,

Шахтинск қалалық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау

басқармасының басшысы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button