Ресми

Кемшілікке кеңшілік жоқ

Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ Майқұдықтағы Карл Маркс – Магнитогорская көшесіндегі жол жұмыстары барысын тексерді. Бүгінгі күні жолды қалпына келтіруге 60 адам және 50 техника тартылды.

Мердігер биыл «Көгілдір тоған» шағын ауданындағы жөндеу жұмыстарын толық аяқтайды.

Қазір жол құрылысшылары Винницкая көшесінде асфальт төсеу үшін негіз дайындауда. Содан кейін асфальттың үш қабатын төсеп, бүйіртастар орнатылады. Жаяу жүргіншілер жолы жасалады. Сондай-ақ, жарықтандыру тіректері орнатылып, автобус аялдамалары, бағдаршамдар және тағы басқасы ауыстырылады.

Жұмыс сапары барысында қала басшысы 7-ші магистральдағы күрделі жөндеуді тексерді. Онда жаңа су құбырлары салынып, асфальт негізі өзгертіліп, үш қабаты тағы реттеледі.

Ермағанбет Бөлекпаев Камали Дүйсембеков көшесіне де барды. Ондағы жол құрылысының ұзындығы – 1,7 шақырым. Жұмыс 98%-ға аяқталды.

Сондай-ақ, Қарағандыда кепілдік берілген жолдарды жөндеу жұмыстары басталды. Жалпы, қалада 118 жол бар. Оның 80-і биыл аяқталады. Қазір мамандар бұл жолдарды аралап шығып, жол төсемелерінің жағдайын тексеруді жалғастыруда. Бүгінгі таңда 19 учаскеде ақаулар анықталды. Мердігерлер олардың барлығын жоюы тиіс.

Қарағанды қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button