Жаңалықтар

Кемел келешек кепілі

Елбасымыздың биылғы Жолдауын бар ынта-ықыласыммен оқыдым.

«… Сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді» – деп қадап айтты Н.Назарбаев. Шын­дығында да, Қазақстан әлем елдері тәрізді Төртінші өнеркəсіптік революция табалдырығында тұрған кезде Елбасының Жолдауындағы басты бес басымдық – ел дамуын­дағы маңызды рөлге ие. Ал, кез ­келген революцияның үлкен өзге­рістерді әкелетіні сөзсіз. Жолдау ар­қылы Көшбасшымыз елі­міздің даму бағытын айқындады.

«Қазақстанның Бірінші жаң­ғы­руы бəріміздің есімізде. 25 жыл бұ­рын КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды қалай баста­ғанымыз жадымызда тұр»,– деп Ел­басы айт­қандай, осы жылдар ара­лығында жос­парлы экономикадан нарықтық эко­но­микаға көшу, ха­лықтың әл-ауқатын жақсарту, елде бейбітшілікті сақтау бірінші міндет болса, бүгінгі күні Қа­зақстан – әлем таныған елдің бірі. Ендігі мақсат – замана көшінен қалмай, еліміздің бет-бейнесін одан әрі нығайта түсу. Жолдауда осы мәселелерге ерекше ден қойылған. Атап айтар болсақ, еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыру, яғни, төртінші, өнеркәсіптік ре­волюция элементтерін жаппай ен­гізу, автоматтандыру, роботтандыру, экспортты дамыту.

Сонымен қатар, минералдық-ши­­кі­­заттық базаны қалыптастыруға баса назар аударылу керектігі туралы ай­тылған. Қазақстанның агро­өнеркәсіп кешенін дамыту арқылы ірі өнім өн­дірушілердің бірі бола алатынымызға да сенім мол.

Біз Елбасының көреген саяса­ты­ның арқасында халықаралық на­рықта бәсекеге қабілетті екендігімізді дәлелдедік, енді жаңа Жолдау ар­қылы жаңа революцияға да аяқ басып, абыроймен, мақтанышпен әлем кеңістігінде көрінетінімізге бек се­неміз!

Қасымбек МЕДИЕВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button