Бас тақырыпЖаңалықтар

Келесі жылдан бастап көліктер рөлсіз шығарылады

Әлемдегі бірқатар ірі авто өндірушілер классикалық рөлден біртіндеп бас тартуды бастады, деп хабарлайды ortalyq.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Сурет:nbcnews.com

Мұндай жоспарды “Mercedes-Benz” пен “Toyota” жариялаған, ал “Tesla” компаниясы классикалық рөлдің орнына электронды басқару жүйесін ішінара енгізіп үлгерген.

Мәселен, “Mercedes-Benz” компаниясы 2026 жылы “Steer-by-Wire” технологиясын қолдайтын штурвалы бар “EQS электрлі” седанын шығаруды жоспарлап отырғанын айтты.

Неміс корпорациясы атап өткендей, “Steer-by-Wire” технологиясы классикалық рөлді дөңгелектер мен механикалық байланысқан рөлді алмастыра алады. Оның орнына, штурвал қозғалыстары арнайы датчиктер арқылы жазылып, дөңгелектерге сымдар арқылы сигнал жіберіледі.

Mercedes-Benz” өкілдері бұл жүйе көлікті дәлірек әрі жеңіл басқаруға мүмкіндік беретінін айтады. Сонымен қатар жүргізуші жол бетіндегі кедергілер мен соққыларды сезбейді. Инженерлердің айтуынша, жаңа басқару жүйесінде рөл колонкасы болмайды, сондықтан көлікке отыру және одан түсу әлдеқайда ыңғайлы болмақ.

Электронды рөлдік басқару жүйесін енгізу жоспарын “Toyota” да хабарлаған еді. Компания бұл технологияны өзінің “Lexus” еншілес бренді арқылы “RZ” атты жаңа көлікте ұсынбақ. Ал “Tesla” бұл жүйені өзінің “Cybertruck” электрлі пикаптарында қолданып үлгерді.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button