Жаңалықтар

Келешек үшін әр дауыс маңызды

Қарағандылықтар дауыс беруде белсенді. Мәселен, Қарағандыдағы №15 орта мектепте орналасқан №92 референдум учаскесінінде тіркелген 2507 адамның жартысына жуығы сағат 10:00-ге дейін дауыс берген.

Тұрғындардың белсенділігі өте жоғары. Көріп отырғандарыңыздай, дауыс берушілердің көпшілігі таңдауларын жасады. Әсіресе, бүгін жұмыс істейтіндер кешкіге қалмай, учаске ашылғанда келіп, өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсетіп, дауыстарын берді, – дейді №92 референдум учаскесінің комиссия төрағасы Сая Жақсыбекова.
Сая Сәтбергенқызы учаскеде тіркелген дауыс берушілердің таңертеңнен белсенділік танытуын комиссия мүшелерінің бүгінге дейінгі белсенді жұмыс жасауынан дейді. Ал, таңдауын жасауға келген Асқар Үсенов өзгерістерді қолдайтынын айтады.
Мен Контитуцияға енгізілетін өзгерістерге қатысты пікірімді білдірдім. Келешек үшін әрқайсымыздың дауысымыз маңызды деп ойлаймын, – дейді ол.
Салтанат ІЛИЯШ.

Басқа материалдар

Back to top button