Бас тақырып

Кадр тапшылығы қалай шешілмек?

Педагогтерге деген сұраныс жылдан жылға артып келе жатыр. Бұл туралы үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Ortalyq.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: tengrinews.kz сайтынан

– Министрлік осы кадр тапшылығы мәселесін жан-жақты зерделеді. Біздің алдағы 4 жылда бітіріп шығатын түлектермен педагогтерге деген сұранысты қамтамасыз етеміз деген болжам бар. Тек келесі жылы ғана педагог тапшылығы туындауы мүмкін. Бірақ біз оны биылғы жылғы бітіруші түлектердің және магистратура түлектерінің есебінен қамтамасыз етеміз. Осылайша біз педагогикалық кадрлардың қажеттілігін толығымен жабатын боламыз, – дейді Саясат Нұрбек.

Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау аясында педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредитациялаудың стандарты және педагогикалық білімді модернизациялаудың тұжырымдамасы бекітілді.

Жоғары оқу орны оқытушысының стандарты қабылданды. Қазіргі сәтте «Жайлы мектеп» жобасы бойынша педагогтарды даярлау жұмыстары жүргізілуде.

 Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button