ЖаңалықтарРесми

Келер жылдан бастап жәрдемақы өседі

2023 жылы көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі. 4 балаға – 16,03 АЕК (55 304 теңге), 5 балаға – 20,04 АЕК (69 138 теңге) төленеді. Ал, 8 баладан көп баласы бар отбасыларға одан кейінгі әр бала үшін 4 АЕК-тен (13 800 теңгеден) қосылады.

2023 жылы «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелеріне ай сайын 6,4 АЕК (22 080 теңге) мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-анаға, қамқоршыға төленетін жәрдемақы мөлшері 56 794 теңге болып бекітілді.

Айта кетейік 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш 3 450 теңге болады.

Басқа материалдар

Back to top button