Білім

«Әкелер мектебінің» тағылымы мол

Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейінде «Ұлағат» әкелер мектебі тоспадоп сайысын өткізді. Қоғамдағы әкелер бірлігі мен жігерін, жауапкершілігі мен тәрбиелік үлгісін көрсететін дәстүрлі сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Сурет ұйымдастырушылардан

– Осындай мағыналы шараларды ұйымдастыру арқылы біз жас ұрпаққа мықты тәрбие мен үлгі көрсетеміз. Жасөспірімдерді ортақ мақсатқа ұйыстырып, саламатты өмір салтын насихаттауға атсалысамыз. Сайыста әкелер белсенділік танытып, ұлдары мен қыз­дары мақтан тұтар үлгі көрсетті. Әкелер ынтымағы – балалар өміріне үлкен сабақ және мектептің мерейін үстем ететін күш, – деді Ә.Ермеков атындағы мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі, «Ұлағат» әкелер мектебінің үйлестірушісі Өмірсерік Несіпбаев.

Сайыста бірінші орынды ерекше көзге түскен Ә.Ермеков командасы (5 сыныптар әкелері) жеңіп алды. Екінші орынды үлгілі ойын өрнегін көрсеткен «Ақжол» командасы (1 және 7 сыныптардың әкелері) иеленді. Ал үшінші орынды ерік-жігермен ұйымшылдық көрсеткен «Барыс» командасы (3 сыныптар әкелері) жеңіп алды.

Ұстаздар қауымы жарыс тек ойын емес, отбасылар арасындағы достықты нығайтуға, рухани қарым-қатынастарды арттыруға арналған жарқын шара екенін атады.

Аяулым СОВЕТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button