Жаңалықтар
Әкелер күні аталып өтіледі
Маусымның үшінші жексенбісінде Қазақстанда алғаш рет Әкелер күні аталып өтіледі. Қарағандылықтарға отағасына алғысын, құрметін және сүйіспеншілігін білдіру ұсынылады.
Әлеуметтік челленджерге кез келген адам қатыса алады. Ол үшін әкеңіз туралы шағын әңгіме жазып, кез келген әлеуметтік желідегі парақшаңызда #МеніңӘкем-МеніңКейіпкерім #МойОтец-МойГерой хэштегтерімен жариялау қажет.
Челлендждің бастамашысы – Қарағанды қаласының әкімдігі.
Айта кетейік, 2023 жылғы 31 мамырда мерекелік күндер тізіміне екі жаңа мереке қосылды: Аналар күні – мамырдың екінші жексенбісі және Әкелер күні – маусымның үшінші жексенбісі.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz