Келелі кездесу
Қылмыстық құқық және процесс кафедрасының апталығы аясында Орталық Қазақстан академиясының студенттері облыс прокурорының аға көмекшісі Бәтима Хасеновамен кездесті.
– Заңға сәйкес прокуратура – мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын заңда белгіленген шектерде және нысандарда қадағалауды жүзеге асыратын жоғарғы орган. Сондай-ақ, прокуратура сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады, – деді Бәтима Төкенқызы.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Олар прокуратура органдарына қабылдау қалай жүзеге асырылатынын, іріктеуден өту кезіндегі кандидаттардың істерін және полиграфологиялық зерттеу деректерін кім және қалай жүргізетінін, сондай-ақ, емтиханға тиімді дайындалу үшін не қажет екендігін сұрап білді.
Ал, Бәтима Хасенова прокуратурадағы жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, прокурор болу үшін қандай жеке қасиеттерге ие болу керектігімен бөлісті.
Жиын соңында прокурордың көмекшісі студенттерді прокуратураға жұмысқа орналасу үшін түрлі конкурстарға қатысуға шақырды.
Салтанат ІЛИЯШ,
Ortalyq.kz