Кейбір өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміз бойынша 2025 жылғы 10, 11 және 12 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандар батыста өте қатты ыстық болатынын ескертеді.

Метеорологтар таратқан ақпаратқа сәйкес, еліміздің батысында жоғары қысым өрісінің әсерінен ыстық және шуақты ауа райы күтіледі, ал Қазақстанның қалған аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуы салдарынан найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп болжанады.
– Еліміздің орталығында, 10-11 шілдеде оңтүстік-шығыста, 11-12 шілдеде еліміздің солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс – желдің екпін алуы, – «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметі.
Температуралық фонға келетін болсақ, ауа райының қарама-қайшы құбылысы орын алады деп боланады:
- күндіз республикамыздың батысында, оңтүстік-батысында 40-44 градус қатты ыстық болады деп күтілуде; солтүстік өңірде күндіз температура 22-27-ден 17-23 градусқа дейін төмендеуі мүмкін;
- шығыста температураның негізгі фоны – 20-28 градус ыстық;
- оңтүстікте сынап бағаны біртіндеп 25-37-ден 38-43 градусқа дейін көтеріледі;
- еліміздің оңтүстік-шығысында күндіз сынап бағандары 25-30 градусқа дейін жетеді.
Бұған дейін синоптиктер 9 шілдеде Астана, Алматы және Қазақстанның тағы 15 өңірінде дауылды ескерту жариялаған болатын.