Жаңалықтар

Катар елінде футболдан әлем чемпионаты басталды

Кеше Катар елінде футболдан әлем чемпионаты басталды. Бұл чемпионат бұрынғыдан ерекше. Себебі, жаз мезгілінде емес, күзгі және қысқы уақытта өткізіліп жатыр. Биылғы әлем чемпионатында соңғы мәрте 32 құрама сынға түседі. Содан кейін доп додасында ол 48 құрамаға ұлғаймақ, деп хабарлайды Ortalyq.kz Қазақпарат сайтына сілтеме жасап. 

Әлем чемпионаты
Фото: Getty/Alexander Hassenstein

Биыл 22-рет өткізілетін доп додасы жөнінде шешім 2010 жылы Швейцарияның Цюрих қаласында қабылданды. Соңғы турда Қатар – 14, АҚШ 8 дауыс алып, осылайша шағын мемлекет 2022 жылғы Әлем чемпионатын өткізу құқығын иеленді.

Катар дүние жүзі жұртшылығына мұнайға бай ел ретінде танылған. Сондықтан олар айтулы аламанға үлкен дайындық жасады. Әдетте, мұнда жаз мезгілінде өте ыстық ауа райы тіркеледі. Әрбір стадионда ауа салқындатқыш желісі іске қосылады. Температураның 27 градустан жоғары болмауы қадағаланады.

Басқа материалдар

Back to top button