Спорт
«Каспиймен» тең түсті
Футболдан ел чемпионатының ХІ турында қарағандылық «Шахтер» сырт алаңда ақтаулық «Каспиймен» тең түсті.
Ойынның бірінші бөлігінде ешқандай есеп ашылмады. Тек, 56-шы минутта қарағандылық клубтың шабуылшысы Темур Чогадзе есеп ашты.
73-ші минутта алаң қожайындары сапынан Георгий Панцулая таразы басын теңестіріп кетті.
12 ұпай еншілеген қарағандылықтар әзірге турнир кетесінде – ІХ сатыда. Көш басында 28 ұпаймен – елордалықтар. Одан кейін 23 ұпаймен – «Ордабасы», үздік үштікті 22 ұпаймен – «Қызылжар» клубы түйіндеп тұр.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz