Жаңалықтар

Карл Маркс-Магнитогорск: жол қашан аяқталады?

Күн сайын Қарағанды қаласының ең ұзын көшесінде 150 бірлік техника мен 250 жұмысшы еңбек етеді. Қазан айында Карл Маркс-Магнитогорск ұзындығы 11 шақырым жолды жөндеу аяқталуы тиіс. Облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК жұмыс қарқынын жеделдетуді тапсырды.

– Біз 11 шақырымның 10,3 шақырымын тапсырамыз, – дейді Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және көлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары Рүстем Қожақапанов.

– Жол өтпесінен М14 магистраліне дейінгі учаске қалады. Жыл соңына дейін тротуарларды ауыстыру, бағдаршамдар орнату және жарықтандыру жұмыстары аяқталады. Майқұдықтың соңғы көшелерінен бері қарай 150 жарықтандыру тіректері орнатылды, қазір олар қосылуда.

Жолдың 1 шақырымы толығымен дайын, асфальтбетонда – 8 км. Қазір Восток-5-тен Восток-3-ке дейінгі учаскедегі жұмыстар аяқталуда. Жол полициясымен келісім бойынша онда қозғалыс ашылады. Мұнда белгілер орнатылып, бағдаршамдар кезең-кезеңімен іске қосылады.

– Жеке учаскелер ашылғаннан кейін, онда патрульдік полиция нарядтары бірден күшейтіледі, – деп атап өтті аға мемлекеттік автоинспектор Еркебұлан Кәрімғожин. – Оқу жылының басында жаяу нарядтар мен автопатрульдер көп болады. «Жаяу жүргінші өткелі», «Басты жол», «Жол беру» уақытша жол белгілерін орнатамыз. Жылдамдық режимін 40 км/сағ дейін шектейміз. Жол жөндеу жұмыстары өткен жылы басталды. Бірақ, жол бойында туындаған проблемаларға байланысты жұмыс кешіктірілді. Жол құрылысшылары жер асты сулары мен қолданыстағы инженерлік желілері кідірудің негізгі себептері болғанын айтады.

– Бұл жоғары вольтты электр сымдары, ондаған телефон желілері және жеке компаниялардың желілері. Осының бәрімен айналысуға тура келеді. Сондай-ақ, күрделі мәселе – суағарлар. Әрине, көлбеу болмаған жерде нөсер кәрізі болады. Асфальт жабынына келетін болсақ, алдымен қалыңдығы 10 см болатын ірі асфальтбетонның бірінші қабатын саламыз, оның үстіне асфальтбетонның тағы екі қабаты болады. Және жоғарғы қабаты таза – қиыршық тасты-маститті асфальт-бетон қолданылады. Сонымен қатар, біз төсеніштерді, поребриктерді, шекараларды және тағы басқа төсеу жұмыстарын жүргіземіз, – деді Kvintec Construction мердігерінің бас инженері Сапихан Жапаров.

Осы жылы автомобиль ағындарының басым бөлігі өткен қосалқы жолдар да назарға алынды. Бабушкин көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Келесі жылы айналма жолдар жөнделеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button