Жаңалықтар

Каратэден Азия чемпионы Ұлттық ұлан сарбазы

2019 жылғы KAZAKHSTAN Open чемпионы, 2021, 2022 жылдары Түркияда өткен Азия чемпионаты, Өзбекстан 2021 жылғы Азия чемпионаты, Ресей Федерациясы 2022 жылы, Өзбекстан мемлекетінде 2022 жылы Азия чемпионаты, Болгария мемлекетінде 2022 жылы, 2022 және 2023 жылдары Республикалық чемпионаттың екі дүркін 1 орын иегері қазір «Рота ұйқыдан тұр!» пәрменімен оянып, сапта тұрып ән айтып, қарудан оқ атуды үйреніп жатыр.

2023 жылдың қараша айының соңында еліміздің барлық өңірлерінде әскерге, атап айтқанда Ұлттық ұлан қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру басталды. Осылайша, күзгі шақырылым науқанында Қарағанды қаласының 5451 әскери бөліміне құрдастарымен бірге Ұлытау облысы Сәтбаев қаласынан «киокушинкай-кан» каратэ бойынша Азия чемпионы Кәрім Нұрдаулет Берікұлы шақырылды.

Бір соққыдан ағаш тақтайшаларды сындырып, татамидегі қарсыластарына мүмкіндік бермеген спортшы қазіргі таңда жас жауынгер курсынан өтіп жатыр. Аталмыш курс аяқталған соң жас жауынгер салтанатты түрде әскери ант қабылдайтын болады.

– Біз күн сайын таңертең ерте тұрып, таңертеңгі жаттығуларда жүгіреміз, содан соң таңғы асқа дайындаламыз. Таңертеңнен бастап мен саптағы өз орнымды білуім керек, взвод құрамында қозғалуды үйреніп жатырмын. Әскери сабақтардың әр түрі өзінше ерекше және олардың барлығы болашақта бізге пайдасы тиетіні сөсіз, әскерде шынымен де тәртіпке баулиды екен, – дейді ұландық.

Әскерге шақырылуға Нұрдаулет үшін оның карате клубының жаттықтырушысы Қуатбек Тоқтыбаев бос уақытында балаларға өз жылдарында мерзімді қызметімен еске түскенін абыроймен айтып, тәрбиеленушілердің бірінен патриоттық сезімін оята біліпті.

– Менің әскерге келуіме себепшілер Қуатбек ағай, Сұңқар Қуанышбай сынды бапкерлерімнің әңгімелері болды, олар әрдайым өз қызмет екен жылдары туралы қызығушылықпен айтып, әрбір ер адам ел алдындағы борышын өтеу керек деп үнемі айтып отыратын. Білмеймін, мүмкін уақыт өте келе мені жасым келгесін де шақырар еді, бос уақыт баяғыдай көп болмаса да, туыстарым мен жақындарымнан алыс болса да, өз еркіммен әскерге бару туралы шешім қабылдағанымды мақтан тұтамын, – дейді Нұрдаулет.

Жас ұландық каратэмен жалпы санақта 12 жыл айналысып қара белбеу 1-ші «дан», жаттықтырушы болып 1 жыл көлемінде 5 жастан 13 жасқа дейінгі  қол астында 70 оқушысы бар.

Болашақ жауынгер алғашқы жекпе-жегін 6-7 жас аралығында «Сәтбаев қаласының біріншілігінде» 20-келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткізді.

– Ең алғашқы кездесуімде боз кілемде 3 жекпе-жекпен өткіздім, Тоқтыбаев Қуатбек Жұмабекұлының сенім білдіріп: «Нұрдәулет ештеңеден қорықпа және басымдай  бер, сенде жеңіске жету үшін барлығы бар» айтқан сөзі әлі есімде, – дейді чемпион.

Азия чемпионатында Нұрдәулет Кәрімнің алғашқы белдесуінде Франция елінің  спортшысы, ширек финалда Өзбекстандық кездессе, финалды  кейіпкеріміз Астанадан келген Қазақстандықпен бөлісті.

– Бір жағынан қуанышты сезім, өйткені біз сол кезде барша Азия елдеріне Қазақстандық спортшылардың дайындығы қаншалықты мықты екенін, татамиде барлығын жайпап салып, чемпион атағына тек Қазақстандықтардың лайықты екенін паш еттік, 9 минуттық жекпе-жекте төрешілердің шешімімен жеңісті маған берді, – деп еске алады Нұрдаулет Берікұлы.

Бүгінгі таңда әскери бөлімде Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 230-ға  жуық жас сарбаздар әскер қатарына шақырылды, олармен атыс даярлығы, саптық дайындық сабақтары өткізіліп, әскери қызметшілер бүгінгі таңда Калашников автоматынан алғашқы атыстарын өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қаңтарда Ұлттық ұланның 5451 әскери бөлімінің жас сарбаздар салтанатты түрде  әскери ант қабылдайтын болады.

Алияр ДҮЙСЕНБАЙ,
ҚР Ұлттық ұланы Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button